Өзбекстанда туған қазақ бокшысы енді Қазақстан намысын қорғайды

Сарапшы, спорт журналисі

Өзбекстанда туған этникалық қазақ боксшы Саят Ілиясов тарихи отаны — Қазақстанның атынан өнер көрсетуді шешті. Бұған дейін Өзбекстан құрамасында болған спортшы енді ел ішіндегі және халықаралық жарыстарда көк ту астында жұдырықтасады.

Өзбекстанда туған қазақ бокшысы енді Қазақстан намысын қорғайды
Саят Ілиясов

Өзбекстаннан шыққан этникалық қазақ, боксшы Саят Ілиясов тарихи отаны — Қазақстанның намысын қорғауды шешті. Бұл Аслан Қаженов хабарлады.

"Бұған дейін Өзбекстан құрамасында өнер көрсеткен қандасымыз Саят Ілиясов енді Қазақстан атынан жұдырықтасады. Ел ішіндегі жарыстарда ол Маңғыстау облысының атынан сынға түседі. Тиісінше, Қазақстандағы жеке бапкері Марат Жәкиев болуы мүмкін. Сонымен қатар, наурыз айында Adal Promotions промоутерлік компаниясы ұйымдастыратын бокс кешінде кәсіби бокстағы дебюттік жекпе-жегін өткізеді деген ақпарат бар. Сәттілік тілейміз!", — деп жазды Қаженов Instagram парақшасында.

Бұған дейін Саят Ілиясов Өзбекстан ұлттық құрамасының сапында өнер көрсеткен. 2022 жылы жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлдеге ие болса, 2025 жылы 22 жасқа дейінгі Азия біріншілігінде алтын медаль жеңіп алған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 1
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір