Таиланд астанасы Бангкокте 19 жасқа дейінгі боксшылар арасында Futures Cup 2026 халықаралық турнирі жалғасып жатыр.
Едіге Нұрғожа 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің алғашқы айналымында пуэрториколық Джастин Монтальвомен қолғап түйістірді.
Қазақстандық боксшы алғашқы раундта белсенді қимылдап, төрешілер хаттамасында аз ғана басымдықпен алға шықты.
Екінші үш минуттықта Едіге Нұрғожа өз басымдығын арттыра түсті. Ал соңғы раундта айқасты сенімді аяқтап, төрешілердің екіге бөлінген шешімімен жеңіске жетті.
Осы уақытқа дейін қазақстандық боксшылар турнирде алты жекпе-жек өткізіп, алтауында да жеңіске жетіп отыр.
Futures Cup 2026 халықаралық турнирі 15 наурызда мәресіне жетеді.