Қуат Хамитов Али Хейбатиді бірінші раундта тізе бүктірді (ВИДЕО)

Жекпе-жек шолушысы

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Атырауда Batyr Fighting Championship турнирінде кезекті жеңісіне жетті.

Қуат Хамитов Али Хейбатиді бірінші раундта тізе бүктірді (ВИДЕО)
instagram/@kuat_khamitov

Жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды 

Кәсіби ММА-дағы рекорды 28-8-2 болған Қуат Хамитов ирандық Али Хейбатимен кездесті. Хейбатидің кездесуге дейінгі көрсеткіші 1 жеңіс, 3 жеңіліс еді.

Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен толық уақытқа созылған жоқ. Қазақстандық файтер бірінші раундта-ақ басымдық танытты.

Осы нәтижеден кейін Қуат Хамитов кәсіби мансабындағы жеңістер санын 29-ға жеткізді. Ал Али Хейбати профи деңгейіндегі төртінші жеңілісіне ұшырады.

Хамитовтың келесі қарсыласы белгілі

Хамитовтың ММА-дағы келесі жекпе-жегі де белгілі болды. Ол 15 тамыз күні Мәскеуде ACA 206 турнирінде ресейлік файтер Алексей Махномен кездеседі.

Алексей Махноның кәсіби рекорды — 27 жеңіс, 13 жеңіліс. Бұл кездесу Хамитов үшін халықаралық аренадағы маңызды сынақтардың бірі болмақ.