Асу Алмабаев UFC титулына қашан таласады? Сарапшы жауап берді
АҚШ-та тұратын ММА журналисі Владимир Горностаев қазақстандық файтердың UFC-де чемпиондық жекпе-жекке шығу мүмкіндігі туралы пікір білдірді.
Асу Алмабаевтың алдағы мүмкіндіктері ММА қауымдастығында талқыланып жатыр. Әсіресе америкалық Брэндон Ройвалмен ықтимал жекпе-жек оның чемпиондық белбеуге қаншалықты жақындайтынын анықтайды.
Ройвалды жеңсе, титулдық жекпе-жек алуы мүмкін
АҚШ-та тұратын журналист және ММА интервьюері Владимир Горностаев Sports.kz сайтына берген пікірінде Алмабаевтың чемпиондық жекпе-жек алу мүмкіндігін жоққа шығармады.
"Иә, мұндай нұсқа әбден мүмкін. Егер Асу дивизиондағы үздік файтерлердің бірі саналатын Ройвалды сенімді жеңсе, бұл титулдық жекпе-жекке өте салмақты өтінім болады. Бірақ соңғы шешім, әрине, әрдайым UFC-дің қолында", — деді маман.
Асу Алмабаев соңғы рет 2026 жылғы 27 маусымда Бакудегі UFC Fight Night 280 турнирінде октагонға шықты. Бұл жекпе-жекте қазақстандық файтер америкалық Чарльз Джонсонды үшінші раундта мерзімінен бұрын жеңді. Алмабаев сирек қолданылатын әдісті сәтті жасап, қарсыласын берілуге мәжбүр етті.
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.