Алмабаев - Николау жекпе-жегі. Қашан, қайда көруге болады?
Қазанның 20-сы күні АҚШ-тың Лас-вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 245 турнирі өтеді.
kaz.nur.kz
Қазанның 20-сы күні АҚШ-тың Лас-вегас қаласында аралас жекпе-жектен UFC Fight Night 245 турнирі өтеді. Аталған жарыс аясында қазақстандық файтер Асу Алмабаев (20-2) бразилиялық Матеус Николаумен (19-4-1) жұдырықтасады.
Кездесу Астана уақытымен шамамен сағат 02:40-де басталады. Оны UFC-дің ресми сайтында тамашалауға болады.
Айта кетейік, Матеус Николау қазір UFC рейтингінде 7-ші орында тұр. Ал отандасымыз 14-ші орында. Николау UFC-де барлығы 9 жекпе-жек өткізіп, алтауында жеңіске жеткен. 3 жеңілісі бар. Ал Алмабаевтың статисткасына келер болсақ, жерлесіміз әлемдегі ең промоушн октагонында 3 рет жұдырықтасып, бәрінде жеңімпаз деп танылды.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet