ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Головкиннің бұрынғы бапкері енді Садриддинді жаттықтырып жүр

Оны әлеуметтік желіде жарияланған жазбадан байқауға болады. 

Головкиннің бұрынғы бапкері енді Садриддинді жаттықтырып жүр
Vesti.kz

Бірінші орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық былғары қолғап шебері Садриддин Ахмедов (14-0, 12 КО) алдағы жекпе-жегіне қызу дайындық үстінде. 

Жуырда ол өзінің Instagram парақшасында залда жаттығып жатқан видеосын жариялады. Бір қызығы, бұл видеодан Ахмедовке Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері - Абель Санчестің көмектесіп жүргенін көруге болады.

Сонымен қатар, Садриддиннің промоутерлік ісін танымал маман Том Леффлер жүргізеді. Ол да кезінде кезінде Головкинмен тығыз жұмыс істеген болатын. 

Айта кетейік, Ахмедов 13-ші желтоқсан күні Санта-Инеседе рингке шығады. BoxRec.com мәліметінше, оның қарсылас америкалық Рафаэль Игбокве (17-5, 7 КО) болады. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.