Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Самбодан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына алғашқы "алтын" түсті

Редактор Penalty.kz
08.11.2024, 22:42

Елордада өтіп жатқан байрақты бәсекеге 85 елдің спортшысы қатысуда. 

1bol.kz
1bol.kz

Астанада ересектер арасында спорттық және жауынгерлік самбодан әлем чемпионаты басталды.  Байрақты бәсеке Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді. 

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті. Спорттық самбодан аса ауыр салмақтағы Темірлан Көлбай (+98 кг) финалда моңғолиялық спортшы Пуревдорж Дамдинчуренді жеңді.

Сонымен қатар, Қазақстан құрамасының спортшылары 4 қола жүлдеге ие болды: 

Спорттық самбо: Армат Қабдолов (58 кг), Арайлым Әбенова (+80 кг)

Жауынгерлік самбо: Құралай Кабрайқызы (54 кг), Маратбек Рахметоллин (64 кг).

Елімізде осымен екінші рет ұйымдастырылып отырған байрақты бәскеге 85 елден 700-ге жуық спортшы келді. Ал Қазақстан атынан 28 балуан қатысуда. 

Биылғы чемпионаттың ерекшелігі – алғаш рет әйелдер арасында жауынгерлік самбо мен зағип жандар арасында жарыстардың енгізілуі. 

10 қарашаға дейін жалғасатын чемпионатта барлығы 31 медаль жиынтығы сарапқа салынады. 

Естеріңізге сала кетейік, 2005 жылы Астанада өткен алғашқы әлем чемпионатында қазақстандықтар 1 алтын, 3 күміс және 6 қола медаль еншілеген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір