ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 23-тур

Жәнібек Әлімханұлы жақсы жаңалыққа қанық болды

Отандасымызға қатысты күтпеген мәлімдеме жарияланды.

Жәнібек Әлімханұлы жақсы жаңалыққа қанық болды
vesti.kz

Сауд Арабиясының ойын-сауық істері жөніндегі басқармасының төрағасы және бокстың суперинвесторы Түркі әл аш-Шейх орта салмақтағы WBO/IBF әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамес пен Хамза Шираз арасындағы WBC белбеуі үшін жекпе-жек жеңімпазының келесі қарсыласы болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

Ықпалды функционер Instagram-да 22 ақпанда Эр-Риядта Адамес пен Шираз жұдырықтасатын үлкен бокс кешіне қатысты Жәнібекті атап өтті. Ал басты оқиға Артур Бетербиев vs Дмитрий Бивол реваншы болады. "Сен келесісің", – Карлос деп жазды әл аш-Шейх "Қазақ стилінің" аккаунтын белгілеп.

Негізі Шираз Әлімханұлының қарсыласы ретінде қарастырылған. Бірақ британдықтың промоутері Фрэнк Уоррен оның орнына Адамеске қарсы жекпе-жекті таңдады.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.