ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Қазақстан боксшылары 2025 жылы екі әлем чемпионатына қатысады

Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Қайрат Сәтжанов келер жылғы жоспарларды айтты. 

Қайрат Сәтжанов "СПОРТ МИНИСТРІ" YouTube-арнасына сұхбат берді. 

— Біз келер жылы IBA және World Boxing атынан екі әлем чемпионатына қатысамыз. Оған дейін Испанияда бірлескен жаттығу лагері жоспарланған. Халықаралық турнир де сонда өтеді. 

Ақпан айында "Страндж Кубогы" турнирі күтіп тұр. Ал наурызда Кисловодск қаласында Ресей, Өзбекстан және Әзербайжан құрамаларымен бірлескен жаттығулар жоспарланған. Сол жерде аталған құрамалардың бірінші-екінші нөмірлі боксшылардың қатысуымен турнир ұйымдастырылады. 

World Boxing атынан әлем чемпионаты бастапқыда мамырда жоспарланған болатын, енді ол қыркүйекке шегерілді. Ал мамыр айында IBA атынан әлем біріншілігі жалауын көтереді. Оны Астанада өтеді деген. Кейін Түркияға ауыстырды.

Жігіттердің бәрі осы турнирлерге және жиындарға қатысады. Соның қорытындысында ұлттық құрамадағы боксшылардың мүмкіндіктерін бағалаймыз, — деп мәлімдеді Сәтжанов.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.