Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Мейвезерді еске түсіреді": бас бапкер Төрехан Сабырханды америкалық боксшыға ұқсатты

Редактор Penalty.kz
11.01.2025, 13:24

Бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов Төрехан Сабырханның жұдырықтасу стилі әйгілі Флойд Мейвезерді еске түсіретінін айтты. 

halyk-uni.kz
halyk-uni.kz

Бұл туралы NUR.KZ жазады.

"Төрехан Флойд Мейвезердің жекпе-жектерін көреді. Ол америкалық боксшының көптеген техникалық элементін қайталайды. Төреханның жұдырықтасу стилі маған шынымен де Флойд Мейвезерді еске салады", - деді Сәтжанов.

Айта кетейік, Төрехан Сабырхан – жастар және жасөспірімдер арасында төрт дүркін Азия чемпионы атанған Қазақстан тарихындағы тұңғыш боксшы. Ол 2024 жылы қарашада Будвада (Черногория) өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында 67 кг салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленген еді.

Өткен айда Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатына алғаш рет қатысты. Ол финалға дейін жетіп, маңғыстаулық қарсыласы Санатәлі Төлтаев жарақатына байланысты шаршы алаңға шыға алмаған соң, жекпе-жексіз жеңімпаз атанды. 

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір