Досбол Елеген Alash Pride ұйымына оралады
Файтер 28-ақпанда кезекті жекпе-жегін өткізеді.
sport-pulse.kz
Қазақстандық жекпе-жек шебері Досбол Елеген (13-8) 28 ақпанда Орал қаласында өтетін турнирде «Alash Pride» ұйымына оралады. Бұл туралы Sport+ хабарлады.
Досбол үшін бұл жекпе-жек аталған лига аясындағы төртінші кездесу болмақ. Елеген бұған дейінгі екі жекпе-жегін NAIZA және Ресейдің Open FC ұйымдарында өткізген.
Қазақстандық спортшының қарсыласы өзбекстандық файтер Машрабжон Махмуджонов болады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet