Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Жылына 20 кітап оқиды": Спорт менеджері Бекзат Нұрдәулетовтің белгісіз қырын айтты

Редактор Penalty.kz
17.02.2025, 17:41

Танымал спорт менеджері Жанпейіс Назарғалида Бекзад Нұрдәулетовке тоқталды. 

azattyq.org
azattyq.org

Қазақстандық спорт менеджері Жанпейіс Назарғалида Sportbugin.kz сайтына шағын сұхбат берді. Ол​​​​ Бекзаттың мінезі тұйық әрі жақындарының арасында кітапқұмарлығымен танымал екенін айтып қалды.  

“Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктен кейін Бекзат кәсіби бокста бақ сынады. Әуесқой боксқа қайта оралуына ұлттық құраманың шақыртуы себеп болды. Себебі, 80 келі салмақта Нұрбекке жақсы  бәсекелес жоқ еді елде.

Екеуі Қазақстан спартакиадасының финалында кездесті. 3:2 есебімен  Нұрбек жеңді. Бұл жерде есеп негізінен тең еді, жеңісті кез келгеніне беруге болатын.

Маман сондай-ақ, Бекзаттың құрамаға қайта келгенде, жанкүйерлердің оның уақыты өтті дегендей пікіріне де тоқталып, Бекзаттың небәрі 26 жаста екенін, әлем чемпионатын 19 жасында ұтқанын еске салды. 

Қазір Нұрдәулетов 86 келіде бақ сынап, Азия чемпионы атанды. Жақында үйленді. Көпшілік алдында шыға бермейді, мінезі тұйық. Есесіне кітапты жақсы оқиды. Жылына 20 кітапқа дейін оқиды”, — деді Жанпейіс Назарғали.

Айта кетелік, 2019 жылғы әлем чемпионатының финалында Бекзат Нұрдәулетов кубалық Хулио Сезар Ла Крузды жеңген болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір