
UFC Fight Night 253 турнирінің қатысушылары алған гонорарлар туралы ақпарат жариялады. Турнирдің басты жекпе-жегінде қазақстандық файтер Асу Алмабаев Манель Капемен кездесіп, техникалық нокаутпен жеңіліп қалды.
Турнирдің ашылу жекпе-жегінде Рамазонбек Теміров америкалық Чарльз Джонсонды жеңіп, 40 мың доллар (18 – қатысу, 18 – жеңіс, 4 – демеушілік бонус) алды. Джонсон жеңіліске қарамастан үш есе көп табыс тапты – 120 мың доллар (110 – қатысу, 10 – демеушілік бонус).
Қазақстандық файтер Асу Алмабаев UFC тарихындағы ең ірі гонорарларының бірін алды. Асу жекпе-жек үшін 266 000 доллар табыс тапты:
Манель Капе бұл турнирдегі ең жоғары төлем алған файтер атанды – 521 000 доллар:
"Үздік өнер көрсету" бонусы (50 000 доллар) – Марио Пинту және Манель Капе
"Үздік жекпе-жек" бонусы (50 000 доллар) – Насрат Хакпараст пен Эстебан Рибович