Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ финалын қайдан көруге болады? (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

16 наурыз, жексенбі күні Сербияның Ниш қаласында әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының финалдық кездесулері өтеді. Қазақстандық жанкүйерлер ұлттық құрама мүшелерінің алтын жүлде үшін жекпе-жектерін тікелей эфирде тамашалай алады. 

Бокстан әйелдер арасындағы ӘЧ финалын қайдан көруге болады? (ВИДЕО)
asbcnews.org

Әйелдер құрамасының бес боксшысы әлем чемпионы атағы үшін жұдырықтасады:

  • Назым Қызайбай (48 кг) – қарсыласы Юлия Чумгалакова (Ресей)
  • Алуа Балқыбекова (50 кг) – қарсыласы Ху Мэйи (Қытай)
  • Виктория Графеева (60 кг) – қарсыласы Нуне Асатрян (Ресей)
  • Аида Әбікеева (63 кг) – қарсыласы Тананья Сомнуек (Таиланд)
  • Елдана Тәліпова (81+ кг) – қарсыласы Илян Чжан (Қытай)

Қашан және қайдан көруге болады?

Финалдық жекпе-жектер IBA boxing YouTube-арнасында 16 наурызда сағат 21:00-де (Астана уақытымен) басталады.

Жанкүйерлер төмендегі сілтеме арқылы өтіп тікелей эфирді тамашалай алады. 

https://www.youtube.com/live/6VmcMDWR8u0?si=kSM8fF9zAJE9S4e3

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 6
👎 1
😂 0
😡 1
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір