Барлық жаңалықтар
Ресми: Енді ҚПЛ-да 16 команда ойнайды
ҚФФ Атқару комитеті қабылдаған шешімге сәйкес, Премьер-лига өнер көрсететін командалар саны келе жылдан бастап артпақ.
Әли Әлиев кетті, енді шетелдік маман келеді
ҚФФ енді жаңа жаттықтырушыны іздеуде және негізгі үміткерлердің арасында шетелдік мамандар бар.
Қазақ UFC-ден кетті
Этникалық қазақ файтері Мақсат Қайсардың UFC-дегі мансабы аяқталды.
Ұлттық құрама тарихи жетістікке қол жеткізді
2027 жылы Астана алғаш рет жастар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін қабылдайды. Бұл – еліміз спорт тарихында бұрын-соңды болмаған үлкен жетістік.
Иван Дычко: Мұндайды көрмегенмін
Қазақстандық боксшы Иван Дычко Лас-Вегаста өтетін үлкен бокс кешіне қатысатынын айтып, қуанышын жасырмады. Ол америкалық Джермейн Франклинге қарсы айқаста жанкештілікпен өнер көрсетіп, жақсы нәтиже беруге уәде етті.
ӘЧ-2025: Балуандар бәсекесінің толық кестесі жарияланды
Дүбірлі дода ертең Хорватия астанасы Загребте басталады.
Қазақстандық теннисші Дэвис кубогында елге алғашқы жеңісті сыйлады
Александр Шевченко Оңтүстік Корея өкілі Хён Чонды екі сетте тізе бүктіріп, Қазақстан құрамасына алғашқы ұпайды сыйлады.
Бекзат Саттархановтың анасына пәтер кілті табысталды
Бұл жаңалық тек отбасы үшін ғана емес, күллі қазақ жанкүйерлері үшін рухани қуанышқа айналды.
Әли Оқапов: «Дауысымнан айырылып қаламын ба деп қорқамын»
Қазақ эстрадасының танымал әншісі Әли Оқапов «Kezdesu» бағдарламасына берген сұхбатында өзінің ең үлкен қорқынышы туралы ашық айтты. Өнер иесі бірнеше жылдардан бері сирек кездесетін дисфония дертімен күресіп жүргенін мәлімдеді.
Андре Онана енді Түркия чемпионатында ойнайды
Камерундық қақпашы Андре Онана «Манчестер Юнайтедтен» «Трабзонспорға» жалға өтті. Келісім 2026 жылдың жазыңа дейін жалғасады. Түркиялық клубтың ресми парақшасындағы хабар жанкүйерлер арасында қызу талқыға түсті.
Формула-1: Боттас Cadillac тестіне шықпайды – Переске жол ашылды ма?
Cadillac командасы Формула-1 тарихындағы алғашқы маусымына қызу дайындалып жатыр. Бірақ жоспардағы басты тосынсыйдың бірі — Валттери Боттас қатысуы тиіс болған тесттер — болмайтын болды. Себебі Mercedes өз пилотын бәсекелеске уақытша да бермеді.
Сербиядан қуылған чемпион: Неге Джокович туған елін тастап, Грекияға қоныс аударды?
Әлемнің 24 дүркін «Үлкен дулыға» чемпионы Новак Джокович туған елінен қол үзіп, отбасымен бірге Грекияға көшті. Белградтағы билік оны студенттік наразылықтарды қолдағаны үшін «опасыз» деп айыптаса, серб жұлдызы енді Афинада жаңа өмір бастап, тіпті жеке турнирін де сонда көшіруге бел буды.
Ювентустың 60 млн еуролық бас ауруы: Дуглас пен Нико қайта орала ма?
«Ювентус» жазғы трансфер терезесінде екі ауыр ойыншыдан құтылғандай болды. Бірақ клуб жанкүйерлері үшін бұл әлі соңғы нүкте емес. Дуглас Луис пен Нико Гонсалес жаңа клубтарында өзін дәлелдемесе, 2026 жылы Туринге қайта оралып, клубқа 60 млн еуроға жуық шығын әкелуі мүмкін.
«Cortisol cocktail»: фитнес әлеміндегі жаңа тренд пе, әлде маркетингтік иллюзия ма?
TikTok-та миллиондаған қаралым жинаған «кортизол коктейлі» фитнес қауымдастығында да қызу талқылануда. Әлеуметтік желі оны стрессті азайтып, энергияны арттыратын сусын ретінде дәріптейді. Бірақ ғылыми көзқарас қандай?
12 қыркүйекке арналған жұлдыз жорамал: кімді табыс, кімді сынақ күтіп тұр?
12 қыркүйек – ерекше сынақ күні. Әр жұлдызнама белгісіне аспан өзінше сынақ пен сый әзірлегендей: біреулерге қуаныш пен шабыт, ал басқаларға шыдам мен сақтық қажет болады.
Бибісара Асаубаева ресейлік гроссмейстерлерден озды
Самарқандта әйелдер арасындағы FIDE «Үлкен швейцарка-2025» турнирінің жетінші турында қазақстандық гроссмейстер, 21 жастағы Бибісара Асаубаева румыниялық Ирина Бульмаганы жеңді.
Астана Еуропа чемпионатының финалдық кезеңін қабылдайды
Албания астанасы Тиранадағы УЕФА Атқарушы комитетінің отырысында бірқатар халықаралық жарыстардың қожайындары анықталды. Соның ішінде Қазақстан футбол федерациясы (ҚФФ) мен Қазақстан футзал қауымдастығының өтініші қолдау тауып, 2027 жылы 19 жасқа дейінгі ойыншылар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі Астанада өтетіні белгілі болды.
Қазақстандық шорт-трекші допингпен ұсталды
Халықаралық конькишілер одағының (ISU) тәртіптік комитеті қазақстандық шорт-трекші Еркебұлан Шамұхановты спорттан шеттетті.
Қазақстандағы MMA-ның қазіргі ахуалы қандай?
MMA әлемі қарқынды дамып жатқанда Қазақстанда аралас жекпе-жек әлі де жүйелі қолдаудан тыс қалып отыр. Белгілі менеджер Нұраддин Садықовтың айтуынша, билік назар аудармаса, UFC Өзбекстанды таңдап кетуі мүмкін.
ҚР Парламенті «Қайрат» – «Реал Мадрид» кездесуін Астанаға көшіруді ұсынды
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек футбол жанкүйерлерін таң қалдырған бастама көтерді. Ол «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчын Алматыда емес, «Астана Аренада» өткізу қажет екенін айтты.