Бақыт Сәрсекбаев Түркістанда болашақ чемпиондарды "отпен шыңдап" жатыр (ВИДЕО)
Қазақстанның 22 жасқа дейінгі боксшыларынан құралған жастар құрамасы Түркістандағы таулы аймақта орналасқан спорттық базада оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр. Команданы 2008 жылғы Олимпиада чемпионы Бақыт Сәрсекбаев баптауда.
"Ордабасы" ФК экс-президентіне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Шымкенттік клубтың бұрынғы президенті Бауыржан Әбдубаитовқа қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет (Антикор) тергеу жүргізіп жатыр.
"Барыс" клубы үйсіз қалды. Астанадағы спорт сарайы сүріліп жатыр (ВИДЕО)
TikTok желісінде жарияланған бейнежазбада Астанадағы "Қазақстан" спорт сарайының сүріліп жатқаны көрсетілген. Бұл нысан бір кездері "Барыс" хоккей клубының басты алаңы болған
"460 адам көз жұмды": ІІМ мас жүргізушілердің қылмысын видео арқылы әшкереледі (ВИДЕО)
Қазақстан Ішкі істер министрлігі мас күйінде көлік басқарудың қайғылы салдарын көрсету мақсатында шынайы видео жариялап, қоғам назарына дабыл қақты.
Бір сағатта құрдымға жіберді: Қазақстанның екінші ракеткасы Братиславаны шулатты
Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Словакия астанасы Братиславада өтіп жатқан беделді турнирдің 1/8 финалына шықты.
Флориан Вирц 150 миллион еуроға жаңа клубқа ауысты
"Байер" клубының жартылай қорғаушысы Флориан Вирц ресми түрде "Ливерпульге" ауысқалы отыр.
Беллингем — дортмундтық "Боруссияның" жаңа ойыншысы (ВИДЕО)
Ағылшын футболының жас жұлдызы Джоб Беллингем енді Бундеслига алаңдарында өнер көрсетеді. Ол "Сандерленд" клубынан дортмундтық "Боруссияға" ауысты.
"Тілі басқа, мүддесі бөлек" – Мәулен ұлттық құраманың шынайы бейнесін әшкереледі (ВИДЕО)
Танымал комментатор ұлттық құраманың шынайы бейнесін әшкереледі. Команда деген бір тілде, бір мүдде үшін күреседі. Ал бізде ше?" — деп ол ұлттық құрамада жұмыс істеп жатқан мамандардың кім екенін, қай тілде сөйлейтінін, қай елге қызмет етіп жатқанын ашық айтты.
"Соларға күніміз қарап тұр!" Белгілі комментатор ұлттық құраманы аяусыз сынға алды
Қазақстан құрамасы Солтүстік Македониядан ұтылды. Бірақ бұл – жай ғана жеңіліс емес, терең жүйелік дағдарыстың беті ашылған сәт. Белгілі комментатор Ермұхаммед Мәулен Fonteam YouTube-арнасында ұлттық құраманың қазіргі ахуалына қатысты өткір пікір білдіріп, бапкер таңдауы, ойыншылардың қартаюы мен федерацияның ұйымдастырушылық қателіктерін ашық сынады.
Ұлттар лигасының финалында жанкүйер қаза тапты
Мюнхен қаласында өткен Ұлттар лигасының финалдық матчында қайғылы жағдай болды. Испания мен Португалия құрамалары арасындағы ойын кезінде жанкүйер трибунадан құлап, көз жұмды.
"Челси" мен "Реал" 220 миллионға сауда жасамақ
Лондондықтар Энцо Фернандес үшін Родригоны сұрап отыр.
"Ролан Гаррос" финалында керемет камбэк жасалды (ВИДЕО)
Синнерді 0:2 есебінен қайырған Алькарас "Үлкен дулығада" бесінші рет топ жарды.
"Қайрат" есе қайтарды
"Қайрат" футзал клубы Қазақстан чемпионатының жартылай финалындағы екінші ойында "Атырауды" 6:0 есебімен тас-талқан етті.
Бүгін Эйндховенде сегіз қазақстандық боксшы финалға таласады
Эйндховен қаласында (Нидерланды) өтіп жатқан халықаралық EBC бокс турнирінің жартылай финалдық кезеңінде сегіз қазақстандық боксшы рингке шығады.
Өзбекстан хоккейшілері әлем чемпионатындағы жеңістен кейін миллионер атанды
2025 жылдың сәуірінде Ереванда өткен хоккейден IV дивизиондағы әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасы алтын медаль жеңіп алып, алғаш рет осындай биікке көтерілді. Турнирдің шешуші бесінші турында өзбектер Малайзияны 18:3 есебімен тас-талқан етіп, келесі маусымда III-B дивизионда ойнауға жолдама алды.
Фаворит болған "Қайрат" өз алаңында сүрінді (ВИДЕО)
Алматылық футзал клубы жанкүйерлерін күтпеген нәтижемен таң қалдырды.
Қазақстандық гүрзі жұдырықты боксшы қарсыласын есінен тандырды (ВИДЕО)
Ауыр салмақтағы боксшы Нұрлан Сапарбай беделді Eindhoven Box Cup халықаралық турнирін сәтті бастады.
Олимпиадада жолы болмаған қазақ боксшысы Нидерландта жарқырады (ВИДЕО)
Абылайхан Жүсіпов Eindhoven Cup турнирін жеңіспен бастады.
Жаңа Месси "Барсаға" емес, "Реалға" ауыспақ! ПСЖ-дан да бас тартты
16 жастағы жартылай қорғаушы мадридтік клубқа 45 миллион долларға ауысқалы отыр.
Испания – Франция матчында 9 гол соғылып, финалист анықталды (ВИДЕО)
Германияның Штутгарт қаласында Ұлттар лигасының екінші жартылай финалы өтті. Испания мен Франция құрамалары арасындағы тартысты ойында нағыз футбол спектаклі тіркелді.