Жарнама
Жарнама

Қазақстандық үстел теннисшісі Словенияда чемпион атанды

Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінде алтын медаль жеңіп алды.

Қазақстандық үстел теннисшісі Словенияда чемпион атанды
Olympic.kz

Теннис шебері U13 жас санатындағы жарыста үздік нәтиже көрсетті. Жарыс барысында Жәния Бекмұхамбетова бірнеше қарсыласын қатарынан жеңді.

Ол словениялық Эма Калужаны, үндістандық Каавья Саринді, сингапурлық Линь Цзяцзюньді, сондай-ақ хорватиялық Стелла Пресецки, Ника Грегурец және Петра Липовшчакты 3:0 есебімен ұтты.

Финалда үстел теннисшісі сингапурлық Хуан Кристалды кездестірді. Шешуші матчта қазақстандық қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, турнирдің алтын жүлдесіне ие болды.

Осылайша, Жәния Бекмұхамбетова WTT Youth Contender сериясындағы кезекті халықаралық жетістігіне қол жеткізді. Бұған дейін қазақстандық үстел теннисшісі Хорватияда өткен турнирде күміс медаль жеңіп алған болатын.

Жарнама
Жарнама