Жаңалықтар
Жетісу облысында шопандар жарысы өтті
Байқау барысында шопандардың тек тәжірибесі ғана емес, логикасы мен зерделілігі де сынға түсті.
Атырауда 7 жасар қыз ойын алаңында саусағынан айырылды!
Ата-аналар алаңда қауіпсіздік шаралары қарастырылмаған деп дабыл қағуда.
"Адамдар жерде жатты": Англияда "Ливерпуль" жанкүйерлерін көлік жаншып өтті (ВИДЕО)
Англия Премьер-лигасындағы "Ливерпульдің" жеңісін тойлау қайғылы жағдаймен аяқталды. Мыңдаған жанкүйер жиналған сәтте автокөлік адамдар тобын қағып өтті. Елдің премьер-министрі оқиғаға дереу жауап қатты.
Әлем чемпионатындағы керемет камбэк: Қазақстан АҚШ құрамасын жеңді (ВИДЕО)
Бакудегі WMF нұсқасы бойынша 6x6 шағын футболдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы АҚШ-тан басым түсті.
Шымкентте футбол ойнап жүрген балаға садақ оғы тиіп, жарақат алды (ВИДЕО)
Шымкенттегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадионда футбол ойнап жүрген 11 жастағы балаға садақ оғы тиіп, ауруханаға жеткізілді. Полиция оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғады.
Қазақстандық жүзуші халықаралық турнирде қос "күміске" ие болды
Әділбек Мусин Францияның Кан-ан-Руссийон (Cannes-sur-Roussillon) қаласында өткен беделді халықаралық турнирде екі бірдей күміс медаль жеңіп алды.
Бибісара Асаубаева әлем жұлдыздарын шаң қаптырып кетті
Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әлемдік деңгейдегі қарсыластарын артта қалдырып, ел тарихында екінші әйел-гроссмейстер атануға бір қадам қалды.
Лука Модрич зәулім үй сатып алды
"Реалмен" қоштасқан хорватиялық жұлдыз жаңа баспананың иесі атанды.
Әділбек Мусин Франциядағы халықаралық турнирде күміс медаль жеңіп алды
Қазақстандық жүзуші Mare Nostrum Swim Tour бәсекесінде үздіктер қатарынан көрінді.
Қазақ спортында неге жетістік жоқ? Жауабы айтылды
Қазақстан спорты неге әлемдік аренада тұрақты нәтиже көрсете алмай отыр? Блогер әрі спорт саласының бұрынғы функционері Әділ Дүшекенов бұл сұраққа ашық жауап берді.
Бокс және футбол! Спортта жүрген қазақ комиктері кімдер?
Нұрлан Сабуров бокспен шұғылданса, Азамат Мұсағалиев футбол клубын басқарады, ал Archibaaalt жастарға арналған медиафутбол академиясын құрды.
Атыраудағы "Мұнайшы" стадионы қайта жаңғыртылады
Тарихи спорт нысаны 2025-2026 жылдары толық қайта жөндеуден өтеді.
Бокстан 25 жастағы чемпион қыз тұрмысқа шығып, екі аптадан кейін қайтыс болды
Ауыр тағдыр, ерте үзілген ғұмыр. Англиялық боксшы қыз Джорджия О’Коннор небәрі 25 жасында өмірден өтті. Бұл қайғылы хабарды Англияның Бокс федерациясы ресми түрде растады. Спортшы тұрмыс құрғаннан кейін бар-жоғы екі апта өткенде көз жұмған.
Спорт журналисі Диас Ахметшәріп өмірден өтті
Белгілі қазақстандық журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды. Бұл туралы "Қазақстан" телеарнасының Telegram-арнасы жазды.
Не масқара?! Баскетболшы балалар еденде ұйықтап, тозған мектеп залында жаттығуға мәжбүр
Әлеуметтік желіде тараған мәлімет қоғамды дүрліктіріп, Федерацияға сынның астында қалды.
Қазақстандық жүзушілер Орталық Азия чемпионатында 50-ден астам медаль жеңіп алды
Қазақстандық жүзу шеберлері Ташкентте өтіп жатқан Орталық Азия чемпионатының алғашқы жартысында-ақ 60-қа жуық жүлдені қанжығаларына байлады.
13 жастағы қазақстандық қыз Испаниядағы үстел теннисі турнирінде топ жарды
Қазақстандық жас спортшы Жәния Бекмұхамбетова Испанияда өткен WTT Youth Contender турнирінде алтын медаль иеленді. Жарыс Пладжа-де-Аро қаласында өтті.
"Жігіттер, кепканы қайдан алдыңдар?" GGG жанкүйерлерін таңғалдырды (ВИДЕО)
Көлігімен кетіп бара жатқан Геннадий Головкин көшеде жүрген бір топ баламен суретке түсті.
Қазақстан чемпионы әлемнің үшінші ракеткасынан айласын асыра алмады
Кирилл Герасименко үстел теннисінен әлем чемпионатында сенімді ойнағанымен фаворитке есе жіберді.
Рамзан Қадыров әлем чемпионын таңғалдырды (ВИДЕО)
Шешенстаннан шыққан танымал боксшы Артур Бетербиев Грозныйда ашылған жаңа әмбебап спорт кешеніне өз есімін беру туралы ұсынысқа пікір білдірді.