Мейірім Нұрсұлтанов WBC титулы үшін таласпақ

Бас редактор
10.07.2026, 15:35

Қарсылас пен жекпе-жек уақыты айтылды. 

NUR.KZ

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов келесі жекпе-жегінде WBC титулы үшін таласады. Қарсыласы - орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы Хесус Рамос-кіші. Бұл туралы америкалық инсайдер хабарлады. 

Жекпе-жек 19 қыркүйекте өтуі мүмкін

Boxingscene.com журналисі, америкалық инсайдер Лэнс Пагмайрдың хабарлауынша, Нұрсұлтанов пен Рамос арасындағы айқас 19 қыркүйек күні Аризона штатында өтуі мүмкін. Пагмайрға бұл ақпаратты америкалық боксшының өзі айтқан.

Айта кетейік, Мейірім Нұрсұлтанов кәсіпқой бокста әзірге жеңіліп көрмеген. Оның рекорды — 20 жеңіс, 11 нокаут.

Қазақстандық боксшы соңғы жекпе-жегін 2023 жылы өткізді. Ташкентте чилилік Хулио Аламоспен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жеткен болатын. 

Ал Хесус Рамос-кіші орта салмақтағы қауіпті боксшылардың бірі саналады. Америкалық спортшының кәсіби рекорды — 24 жеңіс, 1 жеңіліс және 19 нокаут.

Ол WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы мәртебесіне ие. Хесус Рамос-кіші соңғы рет өткен жылдкішімен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Реклама
Реклама