
Астанадағы жол жөндеу жұмыстарының белсенді кезеңі жүріп жатыр. Қала әкімдігі қай көшелердің уақытша жабылғаны туралы ресми ақпарат таратты. Бұл жаңалық көлік жүргізушілер мен қала тұрғындары үшін аса маңызды. Назарларыңызға толық жабылған және ішінара шектелген көшелер тізімін ұсынамыз.
Бұқар Жырау көшесінен бастап Тәуелсіздік даңғылына дейінгі аралық
Қозғалыс ішкі аулалық жолдар арқылы ұйымдастырылған.
"Мирас" мектебінен М. Жұмабаев даңғылына дейін
Айналма бағыттар ұсынылған.
Е-41 көшесінен Е-32 көшесіне дейін
Жол жүрісі балама көшелер мен аулалық жолдар арқылы жүзеге асырылуда.
191-көше мен Өндіріс көшесі аралығы
Қауіпсіз қозғалыс үшін уақытша жол схемасы қолданылуда.
Хантау көшесінен Ш. Құдайбердіұлы даңғылына дейін
Қозғалыс толық шектелген.
Ж. Молдағалиевтен Ұлы Дала даңғылына дейін
Қозғалыс екі бағытта бір жағымен қамтамасыз етілген.
Сарайшық көшесінен Керей-Жәнібек хандар көшесіне дейін
Қала орталығынан әуежайға қарай біржақты қозғалыс ұйымдастырылған.
Уақытша жол жасалып, алты жолақ екі бағытта ауыстырылып орналасқан.