Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Тонировкаға тыйым не үшін керек? Полиция бұл жолы нақты дәлел келтірді

Редактор Penalty.kz
04.06.2025, 21:30

Қазақстан Ішкі істер министрлігі алдыңғы терезелерді қараңғытуға рұқсат беруді қолдамайтынын ашық мәлімдеді. Министрлік өкілдері тонировка жол қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді деп есептейді.

kolesa.kz
kolesa.kz

Жаңа камералар – жаңа ереже

ІІМ мәліметінше, қазіргі уақытта жолдағы заңбұзушылықтарды анықтайтын жаңа камералар тестілеуден өтіп жатыр. Бұл құрылғылар:

  • қауіпсіздік белдігін тақпаған жүргізушілерді,
  • телефонмен сөйлесіп келе жатқан азаматтарды анықтай алады.

Ал алдыңғы терезелердегі қараңғы пленкалар мұндай бұзушылықтарды тіркеуге үлкен кедергі келтіреді.

Қылмысты әшкерелеуде қиындықтар туындайды

Министрлік өкілдері қылмыстық істерді тергеу кезінде де тонировка кедергі болатынын атап өтті.

“Көліктер қылмыс құралына айналатын жағдайлар көп. Тонировка күдіктілерді тануға және бейнебақылау арқылы анықтауға бөгет болады”, – дейді ІІМ өкілдері.

Бюджетке салмақ салады

Егер депутаттар ұсынысындай 70-80% жарық өткізетін пленкаларға рұқсат берілсе, оны қадағалау үшін патрульдік полицияға тауметр атты арнайы құрылғылар сатып алу керек болады. Бұл – бюджеттен қосымша қаржы бөлуді талап етеді.

ІІМ ескертуінше, егер шектеу алынатын болса, көлік иелері жаппай терезелерін қараңғылап, нормадан асырып жіберуі мүмкін. Ал оны бақылау іс жүзінде мүмкін болмай қалады.

Бұған дейін Әкімшілік полиция комитеті де тонировкаға үзілді-кесілді қарсы екенін мәлімдеген.

“Алдыңғы терезелерге жабысқан қараңғы пленка жүргізушінің көріну қабілетін нашарлатады. Әсіресе, түнде бұл апат қаупін арттырады”, – дейді полицейлер.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір