
Аустриядағы Формула-1 квалификациясында Ландо Норрис полюстік позицияны иеленді, ал Шарль Леклерк жаңартылған Ferrari болидімен McLaren-ге қысым жасауға дайын екенін мәлімдеді.
Австрия Гран-приінің квалификациясы McLaren пилоты Ландо Норрис үшін нағыз серпіліс болды. Ол 1:03.971 уақыт көрсеткішімен керемет шапшаңдық танытып, полюстік позицияны иеленді. Бұл британдық спортшының маусымдағы сенімін қайта оралтқандай әсер қалдырды.
"Бүгінгі нәтиже мені шын қуантты. Бұл менің әлеуетімді көрсету жолындағы маңызды қадам. Әлі де жақсартуға болатын тұстар бар, бірақ мен үшін бұл бастама ғана деп сенемін", – деді Норрис.
Канададағы сәтсіздіктен кейін бұл нәтиже Ландо үшін өте құнды. Ол Австриядағы былтырғы жарысты нөлдік ұпаймен аяқтаған болатын.
Ferrari шабандозы Шарль Леклер сенсациялық түрде екінші орынға тұрақтады. Scuderia командасы SF-25 болидіне енгізілген жаңа бөлшектердің арқасында нәтиже көрсетті.
"Жаңа бөлшектер нақты айырмашылық жасады. Бүгінгі нәтиже соның дәлелі. Ертең McLaren-ге қысым түсіріп, қателікке ұрындыруға тырысамыз", – деп пікір білдірді Леклер.
Леклер осы маусымда алғаш рет Ferrari-дің техникалық өзгерістерінің тиімді екенін мойындады. Оның айтуынша, бұл жаңартулар Сильверстоундағы келесі кезеңде толықтырылады.