Mercedes командасының итальяндық жас пилоты Андреа Кими Антонелли Ұлыбританиядағы Гран-при кезеңінде старттық орыннан үш позицияға төмен түсіріледі. Бұл шешім Австрия Гран-приінде болған оқиғаға байланысты қабылданды.
Жарысты тоғызыншы орыннан бастаған Антонелли үшінші бұрылыстың алдында артқы тежегішті дұрыс қолданбай, болидті басқарудан айырылып, төрт дүркін әлем чемпионы Макс Ферстаппеннің көлігін соғып кетті. Екі пилот та жарысты жалғастыра алмады.
Формула-1 стюардтарының шешімі бойынша, апат үшін толық жауапкершілік итальяндық спортшыға жүктелді. Нәтижесінде оған үш орындық айыппен қатар, жарыс лицензиясына екі айып балл қосылды.
Айта кету керек, бір күнтізбелік жылда 12 айып балл жинаған пилот бір жарыстан автоматты түрде шеттетіледі. Қазіргі таңда Антонеллидің есепшотында бұл бірінші айып балдары емес. Сондықтан келесі жарыстарда абай болуы шарт.
Сильверстоун трассасындағы Гран-при осы демалыс күндері өтеді. Басты жарыс 6 шілдеде, Астана уақытымен 16:00-де басталады. Жанкүйерлер үшін бұл маңызды кезеңдердің бірі болмақ, әсіресе жас пилот Антонеллидің көрсеткіші назарда болады.
Австриядағы соңғы кезеңде McLaren командасының өкілдері Ландо Норрис пен Оскар Пиастри бірінші және екінші орынды иеленді. Ал Ferrari-дің Шарль Леклері мен Mercedes-тің Льюис Хэмилтоны сәйкесінше үшінші және төртінші орындарды еншіледі.