Жаңа команда, жұлдызды құрам: Перес пен Боттас "Кадиллакқа" қосылды
Америкалық «Кадиллак» командасы келесі маусымнан бастап «Формула-1»-де бақ сынайды. Жаңа жобаның пилоттық құрамы да анықтала бастады.
фото: ашық дереккөздерден алынған
Перес пен Боттас бір командада
RacingNews365 дерегінше, мексикалық жүргізуші Серхио Перес ресми түрде «Кадиллакпен» келісімшартқа қол қойды. Сондай-ақ, бұған дейін дәл осындай ақпарат фин спортшысы Валттери Боттасқа қатысты да жарияланған еді.
Бұл келісімдер «Кадиллактың» дебюттік маусымында тәжірибелі қос жүргізушімен жарысқа шығатынын көрсетеді.
Ресми хабарландыру қашан болады?
Болжам бойынша, Перес пен Боттастың жаңа командаға ауысуы туралы ресми хабар Гран-при Нидерланд алдындағы аптада жасалады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet