Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Ат спорты ойындарын ұйымдастырушы жеті тәулікке қамауға алынды.
Алматы облысында бір топ шабандоз жол ортасына шығып, көкпар тартқаны үшін жазаға тартылды. Бұл туралы ktk.kz хабарлады.
Еңбекшіқазақ аудандық сотының шешімімен көкпар ұйымдастырған азамат жеті тәулікке қамауға алынды. Тағы төрт шабандоз бес тәулікке жабылған. Қалғанына айыппұл салынған.
«Құқықбұзушыларды аудандық полиция қызметкерлері анықтап полиция бөліміне жеткізді. Еңбекшіқазақ аудандық сотымен ат спорты ойындарын ұйымдастырушы жеті тәулікке, төртеуі 5 тәулікке қамауға алынды. Ал қалғаны айыппұл төледі. Азаматтарды қоғамдық тәртіп сақтап, жол қозғалысы мен қауіпсіздік ережесін бұзбауға шақырамыз», - деді Алматы облысы ПД ресми өкілі Меруерт Морякова.