Қаржы нарығын реттеуші орган несиеге жаңа немесе ескі көлік алғалы жүргендерге жеңілдік жасауды ұсынды.
Қазір несие алатын кезде банктер қарыз жүктемесі коэффициентін есептеп, қарызы көп азаматқа несие бермейді. Бірақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі банк арқылы машина сатып алғысы келетіндерге жеңілдік жасап, отандық автоөнідіріске қолдау көрсетуді ұсынып отыр, деп жазады Kolesa.kz.
Агенттік әзірлеген ереже 2025 және 2026 жылдары мына өнімдерді сатып алған жағдайда қарыз жүктемесі коэффициентін есептеу талабын уақытша тоқтата тұруды көздейді:
Құжат жобасына түсініктемеде авторлар ұзақ мерзімді қарыз арқалап жүрген азаматтарға да автомобиль алуға рұқсат беруді ұсынды. Құжатта былай деп жазылған:
«Отандық автоөнеркәсіпті қолдау және жеңілдікті автонесие шартымен автомобиль сату мақсатында (Президент Әкімшілігінің 2024 жылғы 25 сәуірдегі № 12-18/2041 тапсырмасы) көлік құралы кепілге қойылған несиенің мерзімі өтсе, берешек кепілге қойылған көлік құралын сату арқылы өтеледі. Сондықтан автонесие/микронесиені төлей алмай қалу қаупі аз болады. Оның үстіне көлік құралын КАСКО сақтандырады».