Лицензия №23019645 от 06.09.2023
Лицензия №22020324 от 02.11.2022
Лицензия №21031283 от 08.11.2021
Лицензия №22017905 от 28.09.2022
Екі адам ауруханада.
Ақмола облысындағы тасжолда күн райының қолайсыздығы салдарынан бір мезетте 90 көлік соқтығысқан. Бұл туралы 24KZ хабарлады.
Жаппай көлік апаты Астана – Зеренді трассасы бойындағы Жаңаталап ауылы маңында болған. Оқиға орнына оннан аса арнайы техника тартылып, құтқарушылар жұмыс істеп жатыр. Жүргізушілер мен жолаушыларға көмек көрсетілуде.
Зардап шеккен екі адам емдеу мекемесіне жеткізілген. Жолда қозғалысқа шектеу енгізілді. Тәртіп сақшылары азаматтарды алыс жолға шыққанда мейлінше сақ болуға шақырып жатыр.