ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ

Жанармайдың қанша теңгеге қымбаттайтыны белгілі болды

Энергетика министрінің айтуынша, елімізде жанар-жағармай бағасының өсуін болдырмау мүмкін емес. 

Жанармайдың қанша теңгеге қымбаттайтыны белгілі болды
rbc.ru

Елімізде жанармай бағасы бастапқыда тек 5 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осылай деді. Сонымен қатар, ол жанар-жағармай бағасына қатысты мемлекеттік реттеу алынып тасталғанын жеткізді. 

"Біздің болжам бойынша, алғашқы өсім 5 теңгеден аспайды. Біз нарық қатысушыларын осы көрсеткішке бағыттаймыз. Әрі қарай бағаның тым күрт өсіп жатқанын көрсек, әрбір жағдайға шұғыл түрде әрекет ететін боламыз", - деді энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев. 

Энергетика министрі мұнай өңдеу және мұнай өндіру салаларына инвестиция тарту қажеттілігін ескере отырып, елімізде жанар-жағармай бағасының өсуін болдырмау мүмкін емес екенін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан бюджетін толықтыру да мақсаттардың бірі екенін алға тартты. 

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір қалдыру уақытша жабық.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.