Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Отандық автонарықта рекорд орнады

Редактор Penalty.kz
05.02.2025, 10:20

Қазақстанға импортталған әр екінші көлік – Қытай өндірісінікі.

Отандық автонарықта рекорд орнады
finance.digitalbusiness.kz

Қазақстанда жаңа көліктер саны артты. Бір жылда елде 205 мыңнан астам жаңа автокөлік сатылды. Бұл рекордтық көрсеткіш. Ал 20 жылдан аса пайдаланылған ескі көліктердің саны 6%-ға азайған. Бұл туралы 24KZ хабарлады. 

Қытайлық көліктердің үлесі өсті

  • Қазақстанға импортталған әр екінші көлік – Қытай өндірісінікі. Көрші елдің көліктері көбейгені қазір көрер көзге анық көрінеді. Бір жылдағы өсім – 39%. Өсуіне бағаның қолжетімділігі мен технологиялық жаңашылдықтар әсер етті.
  • Гибридті және электрлі көліктерге сұраныс артып, сатылым 21,7%-ға көбейіп, 15 мыңға жуықтады.
  • Импорттың 19%-ын америкалық, бұрынғыдай болмаса да жапондық, корейлік брендтер де сұраныс бар.

Елдегі тіркелген көліктер саны

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда 5,7 млн автокөлік тіркелген.

  • 2023 жылы – 4,4 млн, 2022 жылы – 4 млн-ға да жетпеген.
  • 88%-ы – жеңіл көліктер.
  • 44%-ын – 20 жылдан асқан, 23,5%-ын – 10-20 жыл аралығындағы көліктер құрайды.
  • Қолданылғанына 3 жыл толмаған жаңа көліктердің үлесі – 6%.

Жеңіл көлікті жалға алу нарығы дамуда

2023 жылы автокөлік жалға беру нарығы 60 млрд теңгеге жетті. Сұраныс негізінен комфорт санатындағы жаңа көліктерге бағытталған. Жалға беру қызметін пайдаланушылар көбінесе ұзақ мерзімді жалға алуды таңдайды.

  • Көлікті жалға беру компаниясының директоры Әлия Сапарғалиева:

    "Міне, 2 жылда сұраныс арта түсті. Мен мұны әлемдік тенденциямен байланыстырам. Қазір жастар несие алып, қарызға батуды жөн көрмейді. Одан да көлікті жалға алған тиімді. Бұл қолжетімді әрі ыңғайлы тәсіл."

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір