Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

Жүргізуші полицейлерді жауапқа тартты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
10.02.2025, 15:14

Патруль көлігі жөндеуді қажет ететінін байқаған азамат басқа экипажды шақырған.

Жүргізуші полицейлерді жауапқа тартты (ВИДЕО)
kolesa.kz

Оқиға Батыс Қазақстан облысында, Кирсаново — Орал тас жолында болды. Полиция Toyota Land Cruiser-ді тоқтатып, жүргізушіге бірнеше хаттама толтырып жатқан кезде жол талғамайтын көліктің иесі қызметтік автоның алдыңғы әйнегіндегі сызатты байқап, тәртіп сақшыларының өздерін жауапқа тартты. Бұл туралы Kolesa.kz хабарлады. 

Өз кезегінде БҚО Полиция департаменті Toyota жүргізушісі бірнеше жол ережесін бұзғанын айтты. Дәлірек айтқанда, ол маневр жасау ережелерін сақтамаған, жылдамдықты асырған, ақауы бар және рұқсатсыз қайта жабдықталған көлікті жүргізген.

Жүргізушінің шағымынан кейін патрульдік Kia Cerato жүргізушісі де жазаланды. Полицей айыппұл арқалады, ақауды жою үшін автокөлік базаға жіберілді.

Жол ережесі бойынша жүргізуші жақтағы әйнекте сызат болған жағдайда техниканы тізгіндеуге болмайды.

Әкімшілік кодекстің 590-бабының 5-бөлігіне сәйкес, техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттарға сай келмейтін және ақауы бар немесе пайдалануға тыйым салынған көлікті басқарған жағдайда 5 АЕК (биыл 19 660 теңге) көлемінде айыппұл салынады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір