Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жаңа iPhone қолданылған боп шықты ма? Қазақстандық Sulpak-қа шағымдануда

Редактор Penalty.kz
14.04.2025, 21:05

Қазақстан тұрғыны Kaspi арқылы Sulpak дүкенінен iPhone-ды бөліп төлеуге сатып алған. Қорабы мөрленген, бәрі жаңа сияқты көрінгенімен құрылғыны іске қосқан соң, күмәнді белгілер пайда болған.

finratings.kz
finratings.kz

“Жаңа” айфон – 81 зарядпен?

Пайдаланушы Малика есімді қыз құрылғыны алғаш қосып, аккумулятор жағдайын тексергенде таңғалған: батарея қуаты төмен, ал зарядтау циклі – 81 екен. Яғни, бұл телефон бұрын қолданыста болған. Бұл туралы ол әлеуметтік желіде жазып, бірден қолданушылардың қолдауына ие болды.

Қолданушылар не дейді?

Пікір қалдырушылардың кейбірі бұл құрылғы көп уақыт қоймада тұрған болуы мүмкін десе, басқалары оны refurbished (қалпына келтірілген) айфон деп болжайды. Тіпті кейбіреулер бұл смартфонды 3 ай қолданған соң қайтарып, кейін қайта сатқан деген нұсқаны алға тартуда.

Малика қайтару туралы өтініш берген, алайда техниканы іске қосқан соң, қайтаруға болмайтынын ескерткен қолданушылар да бар. Себебі 2019 жылдан бері заң мұндай жағдайда тұтынушы жағында емес.

Sulpak әзірге ресми түсініктеме берген жоқ. Бойжеткен жауап күтіп отыр.

“Жаңа iPhone алдым деп қуанғам. Сөйтсем, ол әлдеқашан қолданылған екен. Қынжылтады”, – деп жазды Малика өз парақшасында.

Б/у айфонды жаңа деп алмау үшін не істеу керек? 

  1. Аккумуляторды бірден тексеріңіз.
  2. “Параметрлер → Аккумулятор → Аккумулятор жағдайы” бөліміне кіріңіз. Егер 100%-дан төмен болса – құрылғы бұрын қолданылған болуы мүмкін.
  3. Зарядтау циклін қарап шығыңыз.
  4. Мұны 3uTools немесе Coconut Battery сияқты қосымшалар арқылы, не сервис орталықтарында тексеруге болады. Жаңа iPhone тек 0–1 зарядпен келуі тиіс.
  5. Активация күнін анықтаңыз.
  6. Apple ресми сайтынан сериялық нөмірді енгізіп, құрылғының алғаш рет қашан қосылғанын біліңіз.
  7. Қаптаманы мұқият қарап шығыңыз.
  8. Қорап зауыттық мөрмен жабылған ба? Пленкасы өзгертілмеген бе? Бұрын қолданылған айфондарды жиі «жаңа» етіп қайта қаптап сатады.
  9. IMEI кодты салыстырыңыз.
  10. Қораптағы, құрылғыдағы және параметрлер бөліміндегі (Параметрлер → Негізгі → Бұл құрылғы туралы) IMEI нөмірлердің бір-біріне сай келуін тексеріңіз.
  11. Ресми серіктестерден ғана сатып алыңыз.
  12. Мысалы, iSpace — Apple-дің Premium Reseller-і. Күмән тудыратын дүкендерден сақ болыңыз, баға “ресми” болса да.
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір