ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

Жанар Айжанова қызының құда түсу рәсімін өткізді (ВИДЕО)

Қазақстандық танымал актриса Жанар Айжанова қызы Айжұлдыз Адайбековаға құда күтіп, "сырға салу" салтанатын өткізді. Бұл қуанышты сәттен үзінділер әлеуметтік желіде жарияланды.

Айжұлдыздың Instagram парақшасына жүктелген видеолардан құдалық рәсімнің қалай өткенін, қалыңдыққа сырға тағылғанын көруге болады. Салтанат Жанар Айжанованың үйінде ұйымдастырылған.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекова мен Сәкен Қағаров осыдан бір апта бұрын заңды түрде некелерін қиған. Бұл жаңалықты жас жұбайлардың өздері әлеуметтік желі арқылы бөліскен.

Бұл туралы не ойлайсыз?