Мұхамеджан Тазабек: "Елдос Сметов – күйеу балам"

Бокс шолушысы

Белгілі ақын әрі медиа тұлға Мұхамеджан Тазабек жуырда Нұрсейіт Жылқышыбай жүргізетін "Уақыт көрсетеді" бағдарламасында қонақ болып, өмірі мен туыстық байланыстары жайлы ашық сұхбат берді.

Мұхамеджан Тазабек: "Елдос Сметов – күйеу балам"
newsroom.kz

Сметовпен құдандалық байланыс

Ол сұхбат барысында Олимпиада жүлдегері Елдос Сметовпен арадағы туыстық жайлы айтты. Жақында қызын ұзатқан Мұхамеджан Тазабек:

"Елдос – менің күйеу балам. Ол туған қарындасымның қызына үйленген", – деп ағынан жарылды.

Бұл мәлімдеме әлеуметтік желіде қызығушылық тудырып, жұртшылық назарын аударды.

ФОТО: alash.kz

Тағы бір туыстық байланыс – Бекболат Тілеуханмен

Сонымен қатар Тазабек айтыскер ақын әрі қоғам қайраткері Бекболат Тілеуханмен де туыстық қарым-қатынаста екенін жасырмады. Белгілі болғандай, Бекболат Тілеуханның әпкесінің қызы Мұхамеджан Тазабектің отбасына келін болып түскен.