
Белгілі стендап-комик Нұрлан Сабуровтың Ресейде қымбат жылжымайтын мүлік пен люкс автокөліктердің иесі екені белгілі болды.
БАҚ мәліметінше, Сабуров Мәскеу облысындағы “Новорижский” тұрғын үй кешенінен жер телімін сатып алып, сол жерде премиум класты коттедж салдырған. Аталған үйдің жалпы аумағы 1 285 шаршы метрден асады және ол Нұрланның атына тіркелген. Жер телімінің сол кездегі құны 12,2 миллион рубль (шамамен 77,5 миллион теңге) болған. Сарапшылардың айтуынша, үйдің қазіргі нарықтағы бағасы 115 миллион рубль немесе шамамен 592 миллион теңгеге тең.
Бұл нысан жабық, күзеті бар элиталық ауданға орналасқан. Сабуров сол жерде әйелі мен үш баласымен бірге тұрып жатыр. Отбасының жеке күзет қызметі де бар.
Мүлікпен қатар, комиктің атына тіркелген екі люкс санатындағы автокөлік те бар екені белгілі болды:
19 мамыр күні Сабуров Шереметьево әуежайында полициямен ұсталды. Ол гастрольдік сапардан Самара арқылы қайтып келмек болған, бірақ Мәскеуде құқық қорғау органдарының назарына ілікті. Полиция өкілдері оның Ресейде рұқсат етілген 90 күндік мерзімінен асырып, 114 күн жүргенін анықтаған.
Құқық бұзушылық үшін Сабуровқа айыппұл салынып, Ресейден екі апта ішінде шығуға және кейін заң талаптарына сай қайта кіруге уақыт берілген. Бұл мерзім маусым айының басында аяқталады.