Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Сәкен Майғазиевтің жары құдасын сабырға шақырды (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
07.06.2025, 08:25

Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары – Динара Майғазиева келініне деген ыстық ықыласын ашық білдірді. Оның айтуынша, Әдия есімді келіні ибалы, биязы, иманды болып өсіп, отбасына лайықты келін атанған. Бұл туралы Динара ханым той үстіндегі әсерлі тілегінде айтты. 

instagram/@dinara_maigaziyeva
instagram/@dinara_maigaziyeva

"Мен Әдияны бір көргеннен ұнаттым" 

Динара той үстінде сөйлеген сөзінде құда-құдағиға ризашылығын білдіріп, келінінің тәрбиесі үшін алғыс айтты:

"Сіздер кішкентай ғана қарлығаштарыңызды тәрбиелеп, өсіріп, мәпелеп, бізге аманаттап тапсырдыңыздар. Сол үшін көп рахмет. Уайымдамаңыздар. Мен Әдияны алғаш көргеннен-ақ жақсы көріп қалдым. Ал Әдиям мені жақсы көреді", — деді ол.

Бұл сәттің видеосын Сәкен Майғазиев өзінің Instagram парақшасында жариялаған. Посттың сипаттамасында ол: "Қадірлі "құдағи" атанған Динара Асылханқызының жүрек сөзін тыңдаңыздар. Әумин дей отырыңыз" деп жазған.

Келін ұзату — желіде қызу талқыланды

Айта кетейік, бұған дейін Әдияның ұзату рәсімі әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен. Ақ кілемге отырғызылған келінді алып кету сәті түрлі пікір туғызды. Бір тарап бұл – дәстүрге жаңаша дем беру десе, екінші топ мұндай рәсімді жат көретінін ашық айтты.

Пікір білдірушілердің кейбірі қазіргі таңда эстетикалық форма мен мағына арасындағы үйлесім маңызды екенін атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 22
👎 3
😂 9
😡 3

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір