
Қазақстанның танымал әншісі Ерке Есмахан үшінші мәрте ана атанды. Қуанышты жаңалықпен жары RaiM өзінің Instagram парақшасында бөлісті.
Әншінің жолдасы жариялаған фотода ол жаңа туған сәбиін бауырына басып, оның кішкентай қолын сүйіп тұрғаны бейнеленген. Желі қолданушылары кадрды ерекше жылулықпен қабылдады.
"Қош келдің, ұлым. Райымбек Батыр", – деп жазды өнер иесі.
Сәбидің есімі де ел назарын аударды — Райымның толық аты Райымбек болғандықтан ұлына “Батыр” деген қосымша мағынасы зор есім берілді.
Жағымды жаңалықты ести сала желіде өнер иелерінен бастап қарапайым жанкүйерлерге дейін жұпқа жүрекжарды тілектерін арнады:
Еске салайық, Ерке Есмахан мен RaiM шоу-бизнес әлеміндегі ең танымал әрі сүйікті жұптардың бірі. Жұбайлар әлеуметтік желілерде жиі бірге көрініп, отбасылық жылылықты насихаттайды.