
Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген той алдындағы қызойнақтан ерекше сәттерді бөлісті. Желі қолданушылары жас келінге ақ тілегін жаудырды.
Раушан Құдайберген Instagram парақшасында “Подарок моих подруг” деген жазумен қызойнақтан фотосуреттер жариялады. Суреттерде ол ақ желекпен, қолында торт ұстап, шамды үрлеп тұр. Тортта ағылшын тілінде “Bride to be” (болашақ қалыңдық) деген жазу бейнеленген.
Раушан көзін жұмып, тілек тілеп тұрған әсерлі сәт көпшіліктің жүрегін елжіретті.
Желі қолданушылары жас келіншекке жүрекжарды тілектерін жазуда:
“Әдемісің! Димаштың сүйкімді қарындасы, бақытты бол!”
“Ермахан мен Раушан, сіздерге шексіз махаббат пен береке тілейміз”
“Раушан, сен гүлдей нәзік әрі көркемсің. Бақытты бол!”
“Көзіңдегі махаббат пен шаттық – бәрімізге қуаныш. Сүйікті әрі сүйікті бол!”
“Үйлену тойына дайындық қызу жүріп жатыр екен. Барлық арман-тілектерің орындалсын!”
2025 жылдың мамыр айында Раушан Құдайберген ресми түрде құда түсіп, тұрмысқа шығатынын жариялаған болатын. Желіде бөліскен әрбір сәт — жанкүйерлер үшін ерекше қуаныш пен қызығушылық тудырып отыр.