Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Тұрсынғали Алагөзовтің қызметкерлері өздеріне сыйға берілген пәтерлерін көрді

Редактор Penalty.kz
21.06.2025, 16:29

"Maxi Шай" шығаратын компанияның бірқатар қызметкері жаңа баспаналарына алғаш рет аяқ басты.

Фото: Баян Алагөзованың желідегі парақшасынан
Фото: Баян Алагөзованың желідегі парақшасынан

Аталған компанияның иесі, кәсіпкер Тұрсынғали Алагөзов биыл мамыр айының соңында 100-ге жуық қызметкеріне Алматыдан пәтер сыйлауға шешім қабылдаған. Бұл ақпаратты алғаш болып продюсер әрі актриса Баян Алагөзова өзінің Instagram парақшасында жариялады.

“Бүгін жолдасым сыйға тартқан пәтерлердің кілттерін Galanz Bottlers компаниясының қызметкерлері өз көздерімен көріп, алғашқы әсерлерін бөлісті. Әрқайсысына шын жүректен қуаныштымын”, – деп жазды ол әлеуметтік желіде.

Алғашқы 30 адамға кілт тапсырылды

Сол күні 30 қызметкерге пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды. Қалғандарына баспаналары толық аяқталған соң беріледі деп жоспарланған.

Жарияланған фото және видеолардан қызметкерлердің өз жаңа үйінің есігінің алдында тұрып, кілттерін көрсетіп жатқан сәттері көрінеді. Есіктердің бәрі бірдей үлгіде жасалған.Тек пәтер нөмірлері әртүрлі. Бұл барлық пәтер бір тұрғын үй кешенінен берілгенін аңғартады.

Пәтерлердің ішкі жағдайы қарапайым – таза күйінде (черновая отделка) берілген. Яғни, ішкі әрлеу жұмыстары жаңа иелерінің жауапкершілігінде. Бөлмелер саны нақты айтылмаған.

Жылжымайтын мүлік нарығындағы ахуал

Айта кетейік, ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегіне сәйкес, 2025 жылдың сәуір айында Алматыдағы жаңа тұрғын үйлердің бір шаршы метрі 468,8 мыңнан 498,2 мың теңгеге дейін өскен, яғни 6,3%-ға қымбаттаған.

Қарапайым жұмысшыларға – үлкен алғыс

Бұған дейін БАҚ-та хабарланғандай, Тұрсынғали Алагөзов 15 жылдан астам уақыт бойы еңбек етіп келе жатқан қызметкерлердің еңбегін бағалап, олардың әрқайсысына пәтер кілтін табыстаған. Кәсіпкер баспанамен қамтамасыз етілгендердің көбісі – еден жуушылар, жүргізушілер мен жүк тиеушілер секілді қарапайым жұмысшылар екенін ерекше атап өткен.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір