Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Қалай жүріп-тұратынымды өзім білемін": Қайрат Нұртастың қызы желідегі сынға жауап берді

Сарапшы, спорт журналисі

Алау Нұртас әлеуметтік желіде өзіне айтылатын теріс пікірлерге байланысты пікір білдіріп, халыққа ашық үндеу жолдады.

"Қалай жүріп-тұратынымды өзім білемін": Қайрат Нұртастың қызы желідегі сынға жауап берді
alash.kz

“Мен де адаммын, жүрегім ауырады”

Алау өзінің Instagram парақшасында кейбір оқырмандар тарапынан жиі сынға ұшырайтынын жасырмады. Ол өз жазбасында былай деді:

“Неге бұлай? Шетелдің адамдары маған жақсы тілектер айтып, шабыт алады. Ал өз елімнің кейбір азаматтары жек көріп, тіл тигізеді. Бұл — менің өмірім. Өз стилім, өз жолым. Қалай жүріп-тұратынымды өзім білемін. Сіздер шешпейсіздер. Маған сырттай баға бермеңіздер. Қазағым, өтініш, жүрегіме ауыр сөз айтпаңыздар. Мен де адаммын. Сезінемін. Жараланамын...”

Гүлзира Айдарбекова: “Бұл жолдың бәрінен әкең де өтті”

Алау Нұртасқа алғашқы қолдау білдірген жан — оның әжесі әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова болды. Ол немересіне арнап жазба жариялап, өмірдің сынағына дайын болуға шақырды:

“Қызым, шоу-бизнес деген — күрес. Бұл жолмен сенің әкең де жүріп өтті. Біз де алғашында түсінбедік, жандық, күйдік. Енді үйреніп кеттік. Сен үшін бұл — бастама ғана. Алда бәрі болады. Ақ пен қара қатар жүреді. Бастысы — денсаулығың мен отбасың аман болсын. Сабыр мен төзім бәрінен жоғары, қызым!”

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір