"Жұлдызы жанған жерге қайта оралды": Димаш Құдайберген Қырғызстанға келді
Әлемге әйгілі қазақстандық әнші, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Қырғызстанның Ыстықкөл облысындағы Чолпон-Ата қаласына келді.
azattyq-ruhy.kz
Димаш — “Мейкин Азия” фестивалінің құрметті қонағы
Музыка жанкүйерлері асыға күткен IV халықаралық “Мейкин Азия” музыкалық фестивалі Чолпон-Атада өтуде. Осы шараға арнайы шақыртумен Димаш Құдайберген де келді.
2013 жылғы тарихи жеңіс
ТҮРКСОЙ ұйымының бас хатшысы Сұлтан Раевтың айтуынша, дәл осы фестивальде 2013 жылы Димаш өзінің алғашқы халықаралық жеңісіне жетіп, Гран-при иегері атанған.
“Ол алғаш рет осы сахнада жұлдыз болып жанды. Арада 12 жыл өтті. Енді, міне, Димаш сол тарихи алаңға қайта оралды”, – делінген хабарламада.
Бүгінде Димаш Құдайберген — халықаралық деңгейдегі өнер иесі. Оның шығармашылығын миллиондаған тыңдарман бағалап, әрбір елде ерекше құрметпен қарсы алады.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet