
Қазақстандық шоу-бизнесте жаңа дуэт пайда бодлы. Әнші әрі продюсер Мөлдір Мұқанова Қайрат Нұртаспен бірге ән жазып жатқанын хабарлады. Бұл жаңалық әлеуметтік желілерде қызу талқыға түсті.
Әнші Мөлдір Мұқан көпшілікпен өзінің өнер жолындағы жаңа қадамын бөлісті. Instagram парақшасында ол бұған дейін отбасына, балаларына көңіл бөлгенін, енді сахнаға қайта оралатынын жазды.
"20 жыл бойы бойымдағы өнерімді іште сақтап келдім. Енді сол өнерді бөлісетін сәт келді. Қайрат Нұртаспен дуэт жазуға ниеттімін. Өмір бойы түрлі рөлде болдым – ана, жар, кәсіпкер... Енді сахнаға да оралатын кез келді", – деп жазды Мөлдір.
Мөлдір мен Қайраттың бірлескен шығармашылығы тыңдармандар арасында әртүрлі пікір тудырды. Кейбірі дуэтті асыға күтетінін жеткізсе, енді бірі Қайрат Нұртасты жеке әнші ретінде көруді қалайтынын ашық білдірді.
Желі қолданушыларының пікірлері:
Мөлдір Мұқанова желі оқырмандарына сұрақ қойып, болашақ ән қандай жанрда болғанын қалайтынын сұрады. Бұл — тыңдарманмен кері байланыс орнатудың бір тәсілі. Ол махаббат туралы ма, әлде өмір жайлы ма — бұл сұрақ әлі ашық күйде қалып отыр.