Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Тағы бір Жахан дүниеге келеді": Жахан Отарғалиев жүрек жылытқан жаңалығын бөлісті (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
31.07.2025, 17:58

Белгілі әзілкеш әрі актер Жахан Отарғалиев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында оқырманынан алған ерекше хабарды бөлісіп, көпшіліктің жүрегін тебірентті. 

elorda.info
elorda.info

"Ажырасамын" деген жанның өмірі өзгерді

Жаханның айтуынша біраз уақыт бұрын бір ер адам одан көмек сұрап, жан сырын бөліскен. Ол күйзеліс пен депрессияға түсіп, әйелінен айырылып, жалғыз қалғанын айтып жазған екен.

"Ажырасамын. Шыдай алмаймын. Күйзелістемін. Әйелім кетіп қалды. Үйде анам екеуміз қалдық. Не істеу керек?" — деп жазды ол. Мен психолог емеспін. Бірақ басымнан өткен талай нәрсе бар. Қолымнан келгенше кеңес беріп, 15 минуттай сөйлестім", – дейді актер.

Сәби күтіп отыр, есімі – Жахан

Біраз уақыттан соң сол азамат тағы хабарласып, жақсы жаңалық жеткізген.

"Әйеліммен татуластым. Енді әке боламын. Ұлымның есімін “Жахан” деп қойғым келеді", – деген оның хаты актерді қатты толқытқан.

Жүректен шыққан сөз жүрекке жетеді

Актер бұл оқиғаға қатысты эмоциясын жасырмай былай деп жазды:

"Достар, Құдай қаласа, өмірге тағы бір Жахан келеді. Өзімнің бір ауыз сөзім бір адамның тағдырына әсер етеді деп ойламаппын. Бірақ жүректен шыққан сөздің жүрекке жететіні рас екен", – деп бөлісті Жахан Отарғалиев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір