"Алматыға қарағанда мұнда өмір сүру арзан": Әсел Сәдуақасова Балидегі өмірі жайлы айтты
Қазақстандық актриса әрі продюсер, "Келинка тоже человек", "30 жасында тұрмысқа шығу" фильмдерінің жұлдызы Әсел Сәдуақасова Бали аралындағы өмірі және алдағы жоспарлары туралы айтты.
Бали — Алматыдан екі-үш есе арзан
Instagram желісінде жазылушыларының сұрақтарына жауап берген Сәдуақасоваға “Балиде өмір сүру қымбат па?” деген сауал қойылды.
“Тек өз тәжірибемді айтамын — маған Балиде тұру Алматыға қарағанда 2-3 есе арзан. Алматыда түрлі шығындарым көп. Мұнда тек негізгі қажеттіліктерге — тамақ, жолақы және ұсақ-түйекке ғана ақша жұмсаймын”, — деді ол.
Киноға қайта оралуға дайын
Жазылушылар актрисадан жақын арада киноға түсу жоспары бар-жоғын да сұрады. Әсел бұл сұраққа қуанышты жаңалықпен жауап берді:
“Иә. Тіпті сіз ойлағаннан да ертерек. Өте жақын арада”, — деп мәлімдеді ол.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.