
Қазақстанның үш дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбай әлеуметтік желіде қызықты бейнеролик жариялады. Онда ер адам бокс күшін өлшейтін тренажерда қыздан аз ұпай жинап, жеңіліп қалған сәті көрсетілген.
Бейнежазбада соққыны тікелей Назым емес, оның құрбысы жасайды. Құрбысы 1301 ұпай жинаса, ер адам небәрі 954 ұпай алған.
“Бізден екі есе үлкен ер адам… Бірақ өзі мойындады: ол спортшыдан гөрі спиртсмен екен”, — деп әзілдеді Назым Қызайбай кадр сыртында.
Назым мұндай салыстыру видеоларын жиі жариялайды. Бұған дейінгі бір роликте өзі қатысып, ер адамның жанында тұрған сәтінде ол:
“Мұндай әйелді әйелдікке алғым келмейді”, — деп қалжың айтқан еді.
Бұл сөздер желі қолданушыларын едәуір күлдірген.
Назым Қызайбай — тек рингтегі жеңістерімен емес, сондай-ақ мінезі мен харизмасымен де елге үлгі спортшы.