
Жуырда актриса Жұлдыз Әбдікәрімова болашақ сәбиінің жынысын анықтау үшін шағын кеш өткізген болатын.
Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова болашақ сәбиінің жынысын анықтау үшін балаларымен бірге шағын гендер-пати ұйымдастырды. Алайда бұл отбасылық қуанышта отағасы Қайрат Нұртас бой көрсетпеді.
Жуырда Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында мейрамханада өткен гендер-патидің видеосын жариялады. Балаларымен бірге бесінші перзентінің жынысын білген актриса әзірге көпшілікке оның ұл не қыз екенін ашып айтпады.
Дегенмен, желі қолданушыларының назары кешке қатыспаған Қайрат Нұртастың жоқтығына ауды. Көпшілік "неге маңызды сәтте болмады?" деген сауалдар қойды.
Көптің көкейіндегі сұраққа Қайрат Нұртас өзі жауап берді. Instagram-да видео жариялаған ол гендер-пати кезінде жұмыста болғанын айтты.
"Жұмыста жүріп,түнделетіп қайтып, мен жоқта Гендер пати шырақтары жанып қызық болыпты,байқадым…", – деп жазды әнші.
Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова бүгінде төрт баланы тәрбиелеп отыр. Бұл – олардың бесінші сәбиін күтуіне байланысты ұйымдастырылған алғашқы отбасылық шаралардың бірі.