Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Салбыраған терімді тартып тастаймын»: Алтынай Жорабаева 37 келі салмақ тастағанын ашық айтты (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
10.09.2025, 13:36

Әнші сын айтқан жандарға жауап беріп, артық салмақтан арылуды тек сұлулық үшін емес, денсаулығы үшін жасағанын мәлімдеді.

NUR.KZ
NUR.KZ

Қазақстанның танымал әншісі, «Құрмет» орденінің иегері Алтынай Жорабаева артық салмақтан арылып, жаңа бейнесімен көпшілікті таңғалдырды. Әнші өзіне жиі айтылатын сындар мен жеке мақсатын ашық айтты.

Артық салмақтан арылу жолы

Әншінің айтуынша, декреттік демалыс кезінде ол 96 келіге дейін салмақ жинаған. Соңғы жылдары қарқынды жаттығулар мен тәртіптің арқасында 37 келіден арылған.

«Алтынай қыздарыңыз 96 келіден 75 келіге түсті. Аллаға шүкір! Мақсатым – 60 келіге жету. Алла денсаулық берсін!» – деп бөлісті өнер иесі.

Жорабаеваға әлеуметтік желіде әлі күнге дейін түрлі пікір айтылады. Кейбіреулер оның «тым арықтап кеткенін» жазып, бұрынғы қалпымен салыстырады.

«Көзіңді неге олай істегенсің? Түрің өзгеріп кетіпті. Бұрынғы Алтынай әдемірек еді» деген пікірлерді жиі естимін. Бірақ, жандарым-ау, мен 50 жасқа жақындап қалдым ғой. 37 келі тастаған адаммын, әрине, терім салбырайды. Жайлап жаттығулар жасап жүрмін. Нәтижесі болады. Болмаса, мүмкін салбыраған терімді тартып тастармын. Артық салмақтың ешкімге пайдасы жоқ, денсаулыққа зиян», – деді әнші.

Денсаулық – басты құндылық

Жорабаева артық салмақтан арылуды тек сұлулық үшін емес, денсаулық үшін таңдағанын атап өтті. Өзіне ыңғайсыздық тудырған килолардан құтылу оның өмір сапасын арттырған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір