
Қазақстандық танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде жұбайын туған күнімен құттықтап, әсерлі жазба жариялады. Алайда кейбір желі қолданушылары 48 жастағы өнер иесін аяғы ауыр деп болжады.
Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында екі сурет бөлісті. Біріншісі — теңіз жағасында түсірілген демалыс кезіндегі кадр, екіншісі — романтикалық отбасылық сәт. Онда әнші күйеуінің иығына сүйеніп тұр, ал жары оны иығынан құшақтап алған.
Өнер иесі жүрекжарды жазбасында жұбайына ризашылығын білдірді:
«Бүгін — жүрегімнің иесінің, қымбатты жарымның туған күні. Жаным, тағдырға сені жолықтырғаны үшін мың алғыс айтамын.
Маған нәзіктікті, әлсіз болуды, шынайы махаббаттың не екенін үйреткенің үшін рақмет. Бақыт бақшасында бірге ғұмыр кешейік», – деп жазды ол.
Қазақ өнер жұлдызының жазбасы көпшілікті сүйсіндірді. Пікір қалдырғандардың біразы ерлі-зайыптыларды құттықтаса, кейбірі Айгүлдің сырт келбетіне назар аударып, болжам жасады: