Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Әйгілі ресейлік бапкер Алматыда Денис Теннің рухына тағзым етті

Сарапшы, спорт журналисі

Әлемге әйгілі ресейлік бапкер Татьяна Тарасова Алматыда өткен «Денис Тен мемориалы» халықаралық турниріне арнайы келіп, қазақстандық спортшының рухына тағзым етті.

Әйгілі ресейлік бапкер Алматыда Денис Теннің рухына тағзым етті
Сүрет: ашық дереккөздерден

Денис Теннің спорттағы алғашқы қадамдары ресейлік жаттықтырушы Елена Водорезованың жетекшілігімен басталғаны белгілі. Сол кезеңде ол Татьяна Тарасовадан еркін бағдарламалар мен композицияларды қоюға көмектесуді өтінген. Кейіннен Тен өзінің шығармашылық идеяларын да ұсынып, жаттықтырушыларымен бірлесе жұмыс істеген.

Жасына және денсаулығына қарамастан, Тарасова биылғы турнирге өзі келіп қатысты. Ол Алматыдағы Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында орналасқан Денис Тен ескерткішіне барып, суретке түсіп, оны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялады. Жаттықтырушы суретті қысқа ғана «Дениске қонаққа келгенде» деп жазған.

Баспасөз мәслихатында сөз сөйлеген Татьяна Анатольевна Денис Теннің даралығын ерекше атап өтті:

“Денистің табиғи таланты ерекше еді. Ол бәрібір шыңға шығатын спортшы болатын. Музыканы терең сезіну қабілеті мен мұздағы орындау мәнері өзгеше еді. Егер ғұмыры қысқа болмаса, ол әлі талай жетістікке жетіп, бізді таңғалдыра беретін еді. Ең қиыны – оны өмірден айырған адамдар әлі тірі, ал Денис қасымызда жоқ. Бұл – әділетсіздік,” – деді Тарасова көзіне жас алып.

Бұл туралы не ойлайсыз?

👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір