Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Тұман және үсік: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

Сарапшы, спорт журналисі

"Қазгидромет" РМК 24 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде тұман түсіп, үсік жүретінін хабарлады.

Тұман және үсік: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады
Сурет: ашық дереккөздерден

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігі мен Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде тұман түсуі күтіледі.

Абай облысының солтүстігі мен орталығында да тұман байқалады, ал оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі бар. Сондай-ақ облыстың солтүстігі мен орталығында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі болжанады.

Қостанай облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз облыстың батысы, солтүстігі және шығысында 15–20 м/с жылдамдыққа дейін күшейеді.

Жетісу облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, Алакөл көлдері маңында екпіні 15–20 м/с, кей уақытта 23–28 м/с-қа жетеді. 24 қазан түнінде облыстың солтүстігі мен орталығында 1–3 градус үсік жүреді.

Түркістан, Маңғыстау және Ұлытау облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының таулы аймақтарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан жел таулы өңірлерде 15–20 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі, ал солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі байқалады.

Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір