Естеріңізге салсақ, Биволдың экс-әйелі қазақ халқы жайлы ауыр әңгіме айтқан болатын.
Қазақстан бокстан жартылай ауыр салмақтағы әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы әйелі Екатерина Биволды ұстау туралы Ресеймен байланысқа шықты.
«Тергеу жалғасып жатыр. Қазір халықаралық іздеу жарияланды. Сот сырттай қамауға алу туралы шешім қабылдады. Біз арнайы арналар арқылы Ресей Федерациясының полиция қызметкерлерімен байланыстамыз. Егер кейін Биволдың жұбайы ұсталар болса, бас прокуратура арқылы ақпарат аламыз немесе экстрадициялау мәселесін шешеміз», – деді Әділов бейсенбі күні сенат дәлізінде.
Естеріңізге сала кетейік, 27 қазанда ҚазТАГ Қырғызстан соты Екатерина Биволды ұлтаралық араздықты қоздыру туралы қылмыстық іс бойынша қамауға алуға ордер бергенін мәлімдеген болатын. 31 қазанда Қазақстанның құқық қорғау органдары Биволдың бұрынғы әйеліне іздеу жариялағаны хабарланды.
Қазан айының екінші жартысында Бивол таратқан бейнежазбаларда ол тек қырғыздарға ғана емес, қазақтарға да балағат сөздер қолданып, қорлайтын пікірлер айтқан. Оның үстіне, соңғы бірнеше айда бұл жағдай алғаш рет болып отырған жоқ.